ҰҚК, ІІМ және прокуратураның бірлескен операциясы барысында 10 өңірде 29 адам ұсталып, заңсыз айналымнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының, шекара маңындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді", – делінген хабарламада.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




