Бөлімдер
Трендтер

«Жас сарбаздардың рухына»: Әзірбайжандық әнші концертін бір минут үнсіздікпен бастады (ВИДЕО)

«Жас сарбаздардың рухына»: Әзірбайжандық әнші концертін бір минут үнсіздікпен бастады (ВИДЕО)

Белгілі әзербайжандық әнші Роза Зергерлі Ресейдегі концертін бір минут үнсіздікпен бастады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Әзербайжандық әнші концертін үнсіздікпен бастап, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жас қазақстандықтардың рухына құрмет көрсетті.

Ол үзінді видеоны желідегі парақшасында жария етті.

"Әзербайжан ұлтының өкілі ретінде менің концертімде қазақтың жас әскерилерінің рухына құрмет көрсетіп, қазақ халқына ортақ көңіл айтқанымыз үшін Ресей және башқұр халқына ризамын", – деп жазды ол.

Дереккөз: Skif News · Назым Сапар