Бөлімдер
Шұғыл

Белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев есірткіге қатысты күдікпен ұсталды

Белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев есірткіге қатысты күдікпен ұсталды
Белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев есірткіге қатысты күдікпен ұсталды / Фото: Instagram

Шымкентте полиция қонақүй кешендерінің бірінде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады. Ол Астана қаласының тұрғыны, белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев болып шықты, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Полиция мәліметінше, тінту кезінде қонақүй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген. Ұстау кезінде ер адамның жанында алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Күдікті тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» екенін айтып, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын мәлімдеген.

Қазір заттардың нақты құрамы мен мөлшері сараптама арқылы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Курсив (@kursiv.media.kz)

Айта кетейік, осыған дейін Хан тамада атымен белгілі маңғыстаулық асаба 10 тәулікке қамалған еді.

Дереккөз: Курсив · Ақниет Төленді