Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әнші Қайрат Нұртастың Астанада өткен концертіне қатысып, сахнада бірге ән шырқады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ерлі-зайыптының қол ұстасып, көрермендерге өнер көрсеткенін көруге болады.
Желі қолданушылары өнерлі жұпқа қолдау білдіріп, «Қайрат пен Жұлдыз керемет», «Бақытты болыңдар», «Қазақстандық эстраданы қолдайық» деген пікірлер қалдырған.
Бейнежазба аз уақыт ішінде көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыланды.
Дереккөз: Skif News · Марина Ахметжанқызы




