Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың граффити салғандарды қатаң жазалау туралы тапсырмасынан кейін Батыс Қазақстан облысында жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасының мәліметінше, Ақсай қаласында полицияның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары ғимарат қоршауына жас жігіттің заңсыз жазу жазып тұрғаны анықталды.
Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Заңсыз жазу жойылды.
Осы ретте полиция заңсыз жазулар мен граффити салу жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ғимараттардың қабырғаларын граффити салу арқылы бүлдірген адамдарға қатаң шаралар қолдануды тапсырған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы




