TikTok-та бейәдеп сөз айтқан Талдықорған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасының мәліметінше, Талдықорғанда полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтады.
Тексеріс барысында стримге қатысушы анықталды – ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Жинақталған материалдар бойынша Талдықорған соты әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде айыппұл салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы




