Бөлімдер
Трендтер

Иран миллиондаған ауған азаматын ел аумағынан шығаруға мәжбүр

Иран миллиондаған ауған азаматын ел аумағынан шығаруға мәжбүр

Өйткені Үкіметтің елде заңсыз жүрген шетел азаматтары үшін белгілеген мерзімі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

«Аль-Джазира» телеарнасы осылай деп хабарлады. Олардың сөзінше, бұдан былай босқындар өз еркімен елден шықпаса, депортацияға ұшырайды. БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі келтірген мәліметке қарағанда, өткен айда 230 мыңнан астам ауған шекара асып кетті. Қазір Иранда шамамен 4 миллион ауған азаматы тұрады. Олардың көбі ондаған жылдар бойы осы елде өмір сүріп келеді. Иран үкіметі бастаманы ұлттық қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырмақ. Ал сарапшылар болса: «Бұл қадам босқындардың қонысынан айырылып, отбасынан ажырауына әсер етеді», – дейді.