Бөлімдер
Күнделік

Екі өңірде кәмелетке толмағандарды алып қашпақ болғандарға қатысты іс қозғалды

Екі өңірде кәмелетке толмағандарды алып қашпақ болғандарға қатысты іс қозғалды

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша алғашқы қылмыстық істер қозғалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Қай өңірлерде тіркелген?

Бұл жайттар Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

“Екі жағдайда жәбірленушілер кәмелетке толмағандар болған. Бұл жайттарға қатысты тергеу жалғасып жатыр”, — деп жазылған хабарламада.

Қандай жаза төніп тұр?

Айта кетейік, бұған дейін неке қиюға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-тің жаңа 125-1-бабы) енгізілді.

Әйел адам ұрланып, оны күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрлесе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Абайсызда ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget