Қазақстандық әнші Айбек Жансейітов (лақап аты Бүркіт — ред.) тойханадан түтін шыққанын жазып, желі парақшасында оқыс жағдайдың видеосын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымкентке ұшып келіп, тойханаға келсек, тойханамыздан түтін шығып жатыр. Адамдар аман. Аллаһым амандығын берсін! Тұрақта машина жанып кетті дей ме, сондай бір жағдай. Елдің бәрі далада", — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Видеодан тойхана айналасын қара түтін басқанын көруге болады. Оқыс жағдайдың видеосын көрген желі қолданушылары тойханаға келген қонақтардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

"Алла сақтасын", "Алла амандығын берсін. Той иесіне сабыр, әр нәрсенің қайыры бар деген", "Той иесіне обал болды, қанша күн дайындалғаны құр кетті", — деп жазды пікір қалдырушылар.

Желі қолданушыларының енді бірі әншіден қаламақысы төленген-төленбегенін сұраған.

"Гонорар не болды екен, енді?" деп сұраған желі қолданушысына әнші "Ынсап сайын береке" деп жауап жазып, қысқа қайырды.

Ал құзырлы органдар өртке қатысты әзірге ақпарат жария етпеді.