Таяуда белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне пәтер сыйға тартқан еді. Сол пәтерлердің қайда және қандай екені туралы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Алагөзов берген пәтерлер Алматы – Арена жақтағы жаңа үйлерден берілгені айтылады.

Бұл үйлер заманауи үлгіде салынған, тұрғындары үшін барлық люкс комфорты жасалған, керемет үлгідегі үйлер.

Үйлердің бір бөлмелі пәтерінің шаршы аумағы 52 кв.метрден басталады екен.

Ал дизайндары тіпті жаңаша. Бұл үйлердің бір бөлмелі пәтері ескі үйлердің 2-3 бөлмелі пәтеріне тең өте кең баспаналар.

Сонымен қатар Алагөзов қызметкерлеріне үйді ипотека немесе белгілі бір қызметтік шартпен берген бе деген сауал қоғамда кезіп жүр.

Сыйлыққа пәтер алған кісілердің бірі әлеуметтік желіде “Алагөзов пәтерді бірден атымызға заңды түрде жаздырып берді. Ешқандай да ипотека емес” деген пікір жазды.

Бұл пікірді кәсіпкер үй сыйлаған басқа да азаматтардың таныстары мен туыстары растап, “иә, үйді заңды түрде туысымның атына жаздырып берген” дейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Амир Тажибаев (@tazhibayev.kz)