Тамыз айында Ақтөбеде қой жүнін өңдейтін кәсіпорын ашылады. Өңірге жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров инвестициялық жобаның мүмкіндігімен танысты. Италиялық компаниямен бірлесе ашылған фабрика жылына екі жарым мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы. Нысанның аумағы 5 мың шаршы метр. Кәсіпорын қой жүнін өңдеп, жылу және дыбыс оқшаулағыш құрылыс материалын шығарады. Жоба құны 5 миллиард теңге. 40 адамға жұмыс орны ашылады. Құрылыс толығымен аяқталды. Қазір еуропадан әкелінген құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Министрдің айтуынша, енді тері және жүн өнімдерін экспортқа шығаруға да жол ашылады. Себебі мемлекеттік баж салығы алынып тасталады.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Комиссия решениесін шығарды. Қазір ереже регистрацияда. Сондықтан экспортқа да жол ашып жатырмыз. Өйткені жүн, тері далаға лақтырылмау керек. Экспорттау керек. Екіншіден, мұндай мекемеге, қайта өңдеуге де субсидия беретін боламыз, қолдап.
Жақсыбек Кемал