Алдағы жексенбі — малшылар күні. Осыған орай Астанада 59 еңбек озаты салтанатты түрде марапатталды. Ауыл шаруашылығы министрі еңбеккерлерге алғыс білдіріп, олардың кәсіби шеберлігі мен табандылығын ерекше атап өтті. Құрметке бөленгендер арасында малшылар, зоотехниктер, шопандар мен құс өсірушілер бар. Дәлірек айтсақ, үздіктерге мемлекеттік және салалық марапаттар, соның ішінде «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері мен Құрмет грамоталары табыс етілді. Марапат алғандардың бірі – Гүлбарам Омарова.
Жиырма екі жыл сауыншы болып жұмыс істедім. Халқыма өз еңбегімді сіңірдім. Бүгінгі ауыл шаруашылық күнінде құттықтаймын барлық әріптестерімді. Бүгінгі марапатқа рахмет деймін.
Динара Жарқынбек