Қазақстан Қаржы министрлігі бұйрық жобасын жариялады. Онда темекі түрлерінің барлығының бағасы өсетіні жарияланған. Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған, ал қоғамдық талқылау 19 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Kazinform.

Баға өзгерісі келесі өнім түрлеріне қатысты болады: сүзгісі бар және сүзгісіз темекілер, папиростар, сигариллалар, қыздырылатын темекі өнімдері.

Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер салық және баға саясатын тиімді жүргізуге, сондай-ақ қоғам денсаулығын жақсартуға бағытталған, нақтырақ айтқанда — темекі тұтынуды қысқарту мақсатында қолға алынған.

Жоба мазмұнымен танысып, пікір қалдыру үшін "Ашық НҚА" сайтына кіріңіз.

Еске салсақ, бұған дейін біз әлемде шылым шегуге қарсы қалай күресетіні туралы жазған едік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бүкіл әлемде жыл сайын 8 миллионнан астам адам темекінің салдарынан өмірімен қоштасады. Шылым шегуге қарсы күрес – денсаулық сақтау саласындағы жаһандық саясаттың маңызды бөлігі. Әлемнің әр елінде шылымға қатысты белгілі бір шектеулер енгізілген.