Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлады .
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер қайын атасына тосынсый жасаған сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті .
“Әкемізге көлік сыйлап жатырмыз. Папа әлі шокта. Жүрегі жұмсақ, жаны таза, көңілі кең әкеміз аман болыңыз! Балаларыңыздың жақсылықтарын көре беріңіз. Ата-аналарымыз тек жақсылықтарымызды көрсін! Бар жақсыға лайық қой” – деп жазды Фариза Төреәлі.
Желі қолданушылары мен блогердің оқырмандары әкелеріне тым қарапайым көлік сыйлағанын жазуда.
«Осы уақытқа дейін өздері бренд киіп шалқып жүр. Бірақ әкелеріне көлік сыйламаған ба?», «Дүниеге тоймайды екен, қашан қарасаң да көлік сыйлап жатады», «Қарапайым көлік сыйласа да шын жүректен қуанып жатыр, не деген қарапайым жан», «Қымбат көлік болмаса да осы уақытқа дейін әйелін жарқырата беріп, әкесіне көлік мінгізбеген бе», — деп жазды олар.
Оқырманының сауалына жауап берген блогер бұл қайын атасының алғашқы көлігі екенін айтты.
«Біз әдейі осы көлікті сатып алдық. Бұл — ол кісінің алғашқы көлігі. Әзірге үйреніп жүр. Ең бастысы, әкеміз риза. Қалғаны өз уақытында бола жатар», — дейді ол.



