2018 жылдан бері ислам банк активтері ТМД елдерінде жыл сайын 15 пайызға артып келеді.

Ташкентте 16-18 маусымда ТМД елдеріндегі Ислам банк ісі мен қаржы саласы бойынша форум өтеді.

Үш күндік бағдарлама аясында өңірде ислам қаржы саласына қатысты өзекті мәселелер мен тиімді мүмкіндіктер талқыланады. Оның қатарында ислам финтех шешімдері мен инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған сукук нарығын дамыту мәселелері, ТМД нарығында қаржы мәселелерін реттеу тәртібі талқыға түседі. Сондай-ақ, сарапшылар шариғатқа сәйкес келетін микроқаржылық өнімдерді өңірдің қажеттіліктеріне қара бейімдеу мәселелерін де зерттейді.

Форум аясында CIS Islamic Banking and Finance Awards сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Бұл марапат ислам финтехі мен инвестициялық банкинг саласына маңызды үлес қосқандарға табысталады. Бұрынғы лауреаттар қатарында бүкіл мұсылман әлемінің жетекші ұйымдары бар.

"Бұл басқосу ТМД өңіріндегі Ислам қаржы саласының жаңа бағыттарын айқындайды. Бұл нарықта шариғатқа сәйкес келетін және жаңа мүмкіндіктер мен инновациялар талаптарына жауап беретін шешімдерді іздейтін 65 миллион мұсылман бар. Бұл өңірде Ислам қаржы саласын дамытуға әбден лайық", – дейді AlHuda CIBE бас директоры Мұхаммад Зубайр Мугал.

Айта кетейік, форумды AlHuda Ислам банкингі мен экономика орталығы (CIBE) ұйымдастырып отыр.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы ислам банкингі: Шариғат қағидалары мен қаржы заңдылығы қалай сақталады?