Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлынан сұхбат алып, бүгінгі таңдағы дін мәселесін қозғады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист өзінің My Prime Time подкастында орамалдағы қыздардың интим тренер болып жүргенін ашық айтқан.
«Орамал – иба мен иманның белгісі ме, әлде жарнама мен табыстың құралы ма?
Бүгінде әлеуметтік желіде дін жолын ұстанып жүргенін айтатын, орамал таққан кейбір қыздарымыз интим-тренер болып, контент түсіреді. Бұл құбылыс қоғамда түрлі пікір тудырып отыр. Бұған қандай баға беруге болады. Міне, осы жайында Нұрлан имамның пікірін білдік.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube желісіндегі My Prime Time парақшасынан көре аласыз», — деп жазды ол.