Алматыда биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бір мектеп пайдалануға беріліп, 10 мың 500 орынға арналған 6 білім ордасының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ мердігер компаниялар 14 мектепті жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр, — дейді қалалық білім басқармасының өкілдері. Алатау ауданына қарасты «Қарасу» шағын ауданында орналасқан №218 жалпы білім беретін мектеп 2 мың оқушыға шақталған. Ауданның қарқынды дамуы мен халық санының артуы білім беру мекемелеріне деген сұранысты арттырған. Бірыңғай мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектеп осы олқылықтың орнын толтырады. Қазір мектепке барлық қажетті құрал-жабдық орнатылып, 100% пайдалануға дайын. Енді жаңа оқу жылында шәкірттерді қабылдайды. Сонымен қатар, іріктеуден өткен біліктілігі жоғары педагогтар тартылады, — дейді жауапты мамандар.

Есбол Әбділдәбекұлы, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы жақындағы мектептердің бәрінде толып кеткен балалар. Осы күнде осы мектепке, 164-ші мектеп бар, солар толық оқушыларымен осы «Жайлы мектепке» ауысады. Қалған оқушылар жақын жердегі 179 және басқа да мектептерден осы жерге ауысып келеді.

Азатбек Нарбаев, қала тұрғыны:

Жастарымыз осы мектептен үлкен тәрбие алып шығып, мектептің барлық не керек, барлық жағдай жасалған. Спорт дейсің бе, химия жөнінен болсын, компьютер жағынан барлық жағдайы бар. Тек оқу керек. Оқу керек, оқу керек!

Қуан Нұрақын