"Қазгидромет" РМК 12 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертті. Одан бөлек кей өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 12 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. Қостанайда 12 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
12 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Шымкентте 12 маусымда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Алматыда 12 маусымда түнде кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с. Қонаевта 12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 12 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 12 маусымда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, облыстың батысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні 15 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 12 маусымда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 12 маусымда кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 12 маусымда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз областың оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 12 маусымда күндіз найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз найзағай ойнап, 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.