Алматы қаласында есірткі сақталған екі зертхана мен бір қойма анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнынан 15 келіден астам есірткі, 650 литр прекурсор және құрал-жабдықтар тәркіленді. Қылмысқа қатысты 3 адам қамауға алынды. Олар Қазақстан азаматы. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.