Қызметте алдыңғы шепте жүрген солтүстікқазақстандық дәрігерлер марапатталды.
Медицина қызметкерлерінің күніне орай Петропавл қаласында салтанатты шара ұйымдастырылды. Облыста 29 аурухана, 500-ден астам емхана мен медициналық пункт жұмыс істеп тұр. Олар 500 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Өңірде дәрігер тапшылығы бар. Дегенмен мәселе біртіндеп шешімін тауып келеді. Облыста соңғы жылдары емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға баса мән беріліп отыр. Жыл басынан бері 5,2 млрд теңгеге 250 медициналық техника сатып алынды.
Бауыржан Қосаев, Ақжар аудандық ауруханының хирург дәрігері:
Дәрігер алдына келген науқас өз аяғымен келіп, өз аяғымен шықса, күлсе, қуанса, сонда қуанады. 2001-ден қазіргі таңға шейін жұмыс істеп келемін. Облыста қанша үлкен білікті мамандар келіп, бізге тәжірибе үйретіп, соның арқасында елімізді емдеп жүрміз.
Эльмира Кәленова