Бүгін Үндістанда 242 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады. Жергілікті полицияның алдын ала мәліметі бойынша, ешкім тірі қалмаған, деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақ бортындағы 242 адамның барлығы алдын ала мәліметтер бойынша қайтыс болды деп болжанып отыр, деп жазады News18 бен ТАСС.

Сонымен қатар РИА Новостидің жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Үндістанда 20-дан астам медициналық колледж студенті ұшақтың жатақхана төбесіне құлауы салдарынан көз жұмған болуы мүмкін.