Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Жиында айтылған мәліметтерге сай биыл 13 мың шақырым автожол салынып жатыр. Теміржол көлігі саласында жалпы құны 2 трлн 300 млрд теңге болатын 5 ірі жоба жүзеге асырылуда. Жаңа жобалар қатарында «Орталық – Батыс» күре жолының құрылысы бар. Авиация саласында да жұмыс қарқынды. Қатонқарағай, Зайсан, Кендірліде үш жаңа әуежай салу, сондай-ақ Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру қолға алынды. Ал, су көлігі саласында Ақтау портын тереңдету жұмыстары биыл шілдеде басталмақ. Үкімет басшысы жоспарланған барлық жобаны кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Бұл алдағы 10 жылдағы тұрақты экономикалық өсудің негізі, — деді Олжас Бектенов. Жиын соңында жауапты органдарға тапсырма берді. Айта кетейік, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға $35 млрд инвестицияланды.

Армангүл Тоқтамұрат