Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салу мерзімі 12 жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы аяқталуы мүмкін болжамды мерзім — 2035-2036 жылдар.
"Әлемдік тәжірибе атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімі 10-12 жылға созылатынын көрсетеді. Осылайша құрылыс жұмыстары 2035-2036 жылдары аяқталуы мүмкін. "Росатом" МК осы жоспарлармен келісетінін растады", — деп жазылған хабарламада.
Қазақстандағы АЭС құрылысы
2025 жылы ақпанда Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы алғашқы АЭС салынатын орын болып белгіленді.
Жуырда ресейлік "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумның көшбасшысы болып таңдалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз