Алматы облысында жаңа жұмыс кестесі енгізілді. Бұл ақпаратты өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 маусымнан бастап Алматы облысындағы мемлекеттік мекемелер жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін.
Әкімдік мәліметінше, сегіз сағаттық жұмыс күні сақталады және бұл Еңбек кодексі талаптарына толық сай. Мемлекеттік органдардың жұмысы әдеттегіше жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Almobl Akimat (@almobl_akimat)
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!