Қырғызстан президенті Садыр Жапаров " Орталық Азия-Қытай" саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саммит жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ, Қытай төрағасы қатысады деп жоспарланып отыр.
Саммит Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасуға бағытталған.
Еске салайық, 16 маусымда Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!