Түйіндемесін цифрлық платформаға орналастыратын жандардың 60-70%-і көп ұзамай жұмысқа тұрады, деп хабарлайды 24kz.

Жұмысқа орналастыруға арналған онлайн ресурстың топ менеджері Лаура Урусова осылай дейді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанның цифрлық еңбек нарығында дизайнер, жоба менеджері, IT бағдарлаушыларына сұраныс көп. Әдетте мұндай мамандарға ұсынылатын жалақы кәсібилігі мен еңбек өтіліне қарай 400 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін жетеді. Жалпы Қазақстанда онлайн платформалар арқылы жұмысқа орналасу жеңіл. Жұмыс берушілер тез арада қажетті маманды табуға асық болғандықтан, мұндай платформаларды жиі қолданады.

Лаура Урусова, онлайн платформаның топ менеджері:

- Әдетте өнімді нарықта ілгерілететін мамандарды, сату менеджерлері, маркетолог, пиар менеджерлері осындай платформалар арқылы тез жұмыс тауып жатады. Себебі олар мұғалім, дәрігер, құрылысшыларға қарағанда жұмыс орнын жылдам ауыстыруға бейім келеді.