Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды. Оны іздеуге мыңнан асам адам жұмылдырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының ПД-не сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Жұмағалиев Дархан тапқан. "Олардың табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздеу операциясы сәтті аяқталды", – делінген хабарламада.

"Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты.Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады", – деді өңірлік полиция департаменті.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың анасымен қауышқан сәтінің видеосын жариялады.

"Ұзақ уақытқа созылған іздеуден кейін көптен күткен сәт жетт3 — анасы ұлын құшағына алды. Бұл көрініс барша жанның жүрегін елжіретті. Полиция, құтқару қызметтері және бей-жай қарамаған тұрғындардың арқасында бала аман-есен табылды", – деп хабарлады полиция.

Полиция іздеу жұмыстарына қатысқан және көмектескен барлық азаматқа алғыс айтты.

Еске салайық, 7 жасар ерекше бала 21 маусымда кешке үйден шығып, жоғалып кеткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget