Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Түркістандағы филармония басшысынан көрген қорлығын айтып, елден көмек сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өңір басшысы мен президенттен көмек сұрады.

«Оңтүстік облысы, Көшеров Нұралхан ағамызға осы үндеуімді жариялағым келіп тұр. Мен қаншама шындықты айтқалы бері, көп қысымды көріп келе жатырмын. Ол кісі біздің басшымыз, Оңтүстік Ш. Қалдаяқов атындағы филармонияның басшысы Ғалымжан мырзаның қаншама қысым көрсетіп: «Маған концертке қатыспайсың, сенің киімің жоқ» дейді.

Маған махаббат жайында әңгіме айтып, мен ұят та болса айтайын: «Менің алдыма келіп отыр, мен сені иіскеуім керек» деген әңгімелердің бәрінен өтіп келе жатырмын. Бірақ, құрметті әкім мырза, осының бәрінен сізді қолға алуыңызды сұраймын.

Жалғыз мен емес, жалпы қазақтың қыздарының көбі сондай басшылардың қолында кетіп бара жатыр. Басшылардың қол жаулығы болып кетіп бара жатыр. Қаракөз қыздарымыздың осындай басшыларға алданып, интернет желісінде бір-бірінен көмек сұрап жүргені қаншама?

Ал енді мен сізді осы видеодан кейін қолға алады ғой деп жазып отырмын. Мен сонымен махаббат құрмағаным үшін және филармонияда не бар, не жоқ, бар шындықты айтқаным үшін, көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті.

Ақыр соңында мені сахнадан шеттетті. Болды қатыспайсың, өйткені мен бұл жерде басшымын, сенің киімің жоқ деп, барша жұмысшылардың көзінше айғайлап, менің ар-намысыма тиді. Ол мекемеден шыққым-ақ келеді. Бірақ мен ол мекемеде 2013-тен бері жұмыс жасап келе жатқаннан кейін, мен әлі де сол мекемеден пенсияға шыққым келеді. Осы жазбадан кейін, сізден бір өкініш, менің осы жазбамды ескерсеңіздер екен», — деп күйінді әнші.