Долларға қатысты ұлттық валюта бағамы қайтадан нығая түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сүйенсек, доллар бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 518,34 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 маусымдағы ресми бағамы — бір доллар үшін 518,5 теңге.
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 518,59 теңгеге, сату бағамы 520,27 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 516,80 теңгеден сатып алып, 522,80 теңгеден сатып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін де доллар арзандағаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!