Қытайдың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құтқару және көмек көрсету операциялары жалғасып жатыр. Бұл аймақтарда төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласқан.

Бірнеше провинция зардап шегіп, ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Әсіресе Гуйчжоу провинциясының Ронгцзян қаласындағы жағдай күрделі. Мұнда тасқын салдарынан 6 адам қаза тауып, 80 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен.

Қытайдың Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, соңғы екі күнде Юньнань, Гуйчжоу, Гуанси және Хайнань провинцияларында 13 өзен арнасынан асып кеткен.

Ал кейінгі үш күнде бұл өңірлерге түскен жауын-шашын мөлшері маусым айындағы орташа көрсеткіштен екі есе көп болған.