2025 жылғы 23 маусымдағы Кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырма бойынша Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекелеген күштік органдарға ғана тән кемшіліктермен қатар, жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер ететін жалпы проблемалық бағыттар анықталды.

Талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді, олардың пысықталуын жауапты мемлекеттік органдар қысқа мерзімде қамтамасыз етуге тиіс.

Қабылданып жатқан шаралар, қол жеткізген нәтижелер мен тиісті қорытындылар Мемлекет басшысына баяндалатын болады.

Тапсырманың тиісті орындалуын бақылау Президент Әкімшілігімен қамтамасыз етілетін болады.