Ливия жағасында жарылған танкердегі мұнайдың Қазақстанға қатысы жоқ. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі ресми мәлімдеді.
Осының алдында кейбір ақпарат құралдарында «Ливия жағасында жарылған Vilamoura танкері Қазақстан мұнайын тасымалдауы мүмкін» деген шындыққа жанаспайтын мәлімет тараған еді. Аталған су көлігі жекеменшікке тиесілі болып шықты.