Англияның «Манчестер Сити» командасы клубтар арасындағы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Сауд Арабиясының «Аль Хиляль» клубынан жеңілді. Жанкүйерлер аталған матчта жеңіске англиялық клуб жетеді деп топшылыған болатын. Соған қарамастан арабиялық команда лайықты қарсылық көрсетті. Тәжірибелі қарсыласын қапы қалдырып, ширек финалға берілген жолдамаға ие болды. Кездесу барысында «Манчестер Сити» сапынан Бернарду Силва, Эрлинг Холанд, Фил Фоден мергендік танытса, «Аль Хиляль» қатарынан Малком мен Калиду Кулибали бір голдан салды. Ал Маркос Леонардо дубль жасады. Осылайша «Манчестер сити» қарсыласынан 3:4 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Асылбек Данияр