Президент тапсырмасына сәйкес елге қайтарылған активтер есебінен СҚО-да су құбыры инфрақұрылымын дамыту үшін 45 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 48 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау қарастырылған. Тиісті жұмыстар аяқталған соң аймақ тұрғындарының сапалы ауызсумен қамтылу көрсеткіші 100% жетеді.

Айта кету керек, елдегі ең ұзын топтық су құбырлары да дәл осы өңірде орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады.