Астанада тағы да жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалалық аурухана дәрігерлері қараған 3 жолаушы алғашқы көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Ал травматология орталығына жеткізілген бір жолаушының қазір жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жол көлік оқиғасына қатысты тергеп, тексеру амалдары басталды. Полиция Департаментінің алдын ала мәліметінше, автобус жүргізушісі қиылыста Форд автокөлігіне жол бермей, апатқа себепкер болған.

Оңғар Алпысбайұлы