Индербор кентінде 9 шілде күні сағат 5:30-да 18 жастағы бойжеткеннің белгісіз бағытқа шығып кеткені жөнінде аудандық полицияға хабарлама түсті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Ақжайыққа сілтеме жасап .
Оның көпірдің үстінде кетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
10 шілде сағат 15:30 шамасында Жайық өзенінен қыздың мәйіті табылып, шығарылды.
Полиция сараптама тағайындап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.