Үкімет отырысынан соң Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған вице-премьерлер тобы арнайы брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай сұрақтардың бірі – «Банктердің экономикаға қаржы салуы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сұрақты БАҚ өкілі Серік Жұманғаринге қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біріншіден жаңа салық кодексінің ішінде коперативтің табыс салығына дифференциация жасадық. Енді банктер тұтынушы секторға несиелер берсе, КТС 25% болады. Нақты секторға несие берсе 20%. Бұл нақты секторға қаражат салуға ынталандырады. Екінші мәселе жаңа салық кодексінде барлық облегацияларға 10% салық салынады. Ал «Бәйтерек» холдингі шығаратын облегацияларға 2031 жылға дейін салықтан босаттық. Себебі «Бәйтерек» холдингінің басты мақсаты – нақты секторға салынады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» деген жаңа бағдарлама ашылды. оны дамытуға нақты секторларға, өндіріс секторларына «Даму» қоры 300 млрд салды. Банктер 450 млрд салды. Ставкасының деңгей — 12,6 пайыз. сонымен қатар екі кепілдік қорлары ашылды. Барлығы қазіргі уақытта Даму қорында орналасқан. Бүгінде 107,5 млрд теңгені құрайтын 784 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік берілді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», деді вице-премьер Серік Жұманғарин.