Қабырғалы қаламгердің қазасына байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барша ағайын-туыстарына, отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Министр: "Исраил Сапарбайдың – нәзік лирикасы, сырлы да сазды жырлары қазақ поэзиясында өз өрнегін қалдырған ерекше тұлға екенін және оның өлеңі елдің үніне, әні халықтың жүрегіне айналғанын жеткізді. Сезімді тербеген сыршыл жырлары мен ойлы драмалары – руханиятқа қосылған баға жетпес қазына", — деп жазды.