Оның бұл әрекеті бейнебақылауға түсіп қалған. Бейнежазбадан ер адамның есікті бұзып кіріп медициналық мекеме қызметкеріне балалардың көзінше қол жұмсағаны көрініп тұр. Ол мейірбикенің жұмыс бөлмесіне кіруге болмайтыны жөніндегі ескертуіне ашуланып осындай әрекетке барған.
Жәбірленушінің миы шайқалып, саусағы сынған. Күдікті ұсталып, психоневрологиялық орталыққа жатқызылды.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Жеке меншік медицина мекемесінің дәрігеріне күш қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 42 жастағы ер адам жұбайымен бірге клиникаға келген. Біраз уақыттан кейін ол белгісіз себеппен есікті бұзып кіріп, медициналық қызметкерге дене жарақатын салған. Күдікті сихоневрологиялық орталыққа жатқызылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.