Пәкістанның Пенджаб провинциясында бір күнде муссондық жаңбырдан 63 адам қаза тапты. 300-ге жуық тұрғын жарақат алған. Күллі ел аумағында маусымның соңынан бері үздіксіз нөсерден қайтыс болғандар саны 159-ға жетті. Су тасып, ғимараттар құлаған. Мыңнан астам баспанаға зақым келді. Елдің ұлттық ауа райын болжау орталығы келесі аптада да елдің солтүстік өңірлерінде нөсер жауын жауатынын ескертті.
Толассыз нөсер Оңтүстік Корея тұрғындарын да әбігерге салды. 4 адам қаза тапқан. 1 тұрғын жоғалып кеткен. 5 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жолаушылар паромы, 7 басты желіде пойыз қозғалысы ішінара тоқтады. Елдің метеоролгиялық басқармасының мәліметінше, Кванджу, Пусан, Ульсан қалаларында 100-200 мм жаңбыр жаууы ықтимал.
Арай Төлегенқызы