Оңтүстік Кореяда бірнеше күннен бері жаңбыр құйып тұр. Қолайсыз ауа райының кесірінен аймақта 14 адам опат болды. Тағы 12 тұрғын із-түзсіз кеткен.

Әсіресе батыс пен солтүстік-батыс аймақта ахуал күрделі. Мұнда тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық мөлшері түскен. Артынша өзен арнасынан тасып, су деңгейі көтерілді. Бұл инфрақұрылымды бүлдіріп, қозғалысты шектеді. Электр желісі істен шығып, 13 мыңнан астам адам уақытша паналау орындарына көшірілді. Қазір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккендерді құтқару үшін аймаққа қосымша бригада көмекке келді.