Украина Ресейді осы аптада келіссөзді қайтадан жалғастыруға шақырды.
Бастаманы Украина Президенті Владимир Зеленский көтерді. Оның айтуынша, кездесу барысында тараптар қақтығысқа шектеу қойып, тұтқын алмасу мәселесін талқылайды. Сондай-ақ Зеленский диалогты кеңейту қажеттігіне тоқталды. Соңғы рет екі елдің делегациясы 2 маусым күні Ыстанбұлда кездескен еді. Ресей Сыртқы істер министрлігі делегациясы келіссөзге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ нақты уақыты белгіленген жоқ.