Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Курорттық аймақтарды инспекциялаған Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бірқатар бұзушылықтарды анықтаған. Тексеріс қорытындысы бойынша туризм және спорт вице-министрі мен бірқатар әкімдер тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарының лауазымды тұлғалары бар. Бұл аймақтарда туристік инфрақұрылымның даму деңгей көңілден шықпай тұр.