Құны 78 млн теңгеден асатын көлік иеленген азаматтар табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Президент қол қойған Салық кодексіндегі жаңа өзгерістерге сәйкес, бұл талап 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алынған көліктерге қатысты. Резидент мүлікті елден тыс жерден сатып алса да, декларация тапсырады. Мерзімі – келер жылдың 15 қыркүйегіне дейін. Ал ескі көліктерге керісінше, салық жеңілдетілген. Мәселен, 10 жылдан асса – салық 30%-ға, ал 20 жылдан асса — 50%-ға төмендейді.

Алексей Алексеев, автосарапшы:

Бұл да сән-салтанат салығы сияқты. Бір жағы ашықтық пен әділеттілікті қалыптастырады. Жоғары табысты жасырудың жолы азаяды әрі салықтық тәртіп күшейеді. Бірақ нарықтағы бағаның құбылмалы екенін ескеру қажет. Қазір 78 млн теңгеге алған көліктің 2 жылдан соң, бағасы төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан көлік маркасымен бағалаған жөн. Яғни, премиум санаттағы автокөліктердің тізімін жасау керек.

Ақниет Балтанова