Алматы тау кластерін дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленді, деп хабарлайды 24KZ. Оған сәйкес әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым мен халыққа қолжетімді 700 шақырымға дейінгі тау шаңғысы трассаларын салу жоспарланып отыр.
Сөйтіп, 2029 жылға қарай оны Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналдыру көзделді. Шаһарға жұмыс сапарымен барған Олжас Бектеновке қала әкімі Ерболат Досаев Алматы тау кластерін дамыту тәсілдерін баяндады. Жобаның таныстырылымына шетелдік серіктестер де қатысты. Олар кластерді өркендету перспективалары бойынша пікір алмасып, алдағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарын пысықтады. Премьер-министр өз кезегінде елдегі туризм саласының қарқынды дамып жатқанын айтып, жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ «Инфрақұрылымдардың инклюзивтілігіне мән беру керек», – деді.