Дерматолог, косметолог, трихолог Татьяна Егорова сүлгіні қауіпсіз пайдаланудың екі тәсілін айтты. Бұл туралы aif.ru жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Татьяна Егорованың сөзінше, сүлгіні бірнеше рет қолданғаннан кейін жуу керек. Дерматолог сүлгі ұзақ уақыт ылғал болып тұрып қалса, онда патогендер белсенді түрде көбейетінін ескертті. Ал оның салдарынан салдары тері қызарып, бөртпелер шығып, қабынуы мүмкін.

Сонымен қатар, сүлгі жеке зат екенін есте ұстаған жөн. Дәрігердің айтуынша, барлық отбасы мүшесіне бір сүлгіні қолдануға болмайды.

"Тері аурулары бар адамдарда (дерматит, диатез, герпес, пустулярлы бөртпелер) жеке сүлгі болуы керек", — деді маман.

Еске салайық, бұған дейін қандай кезде моншаға баруға болмайтыны айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget