Елордада Астана-Арена стадионында әлемге әйгілі Джениффер Лопестің концерті басталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемге әйгілі жұлдыз 1 тамыз түнгі уақытта Астана әуежайына келіп, Есіл жағасындағы The St. Regis Astana қонақ үйіне жайғасқан. Әншінің жанындағы қызметкерлер желіде Қазақстанға деген ықыластарын білдіріп, әлеуметтік желіде видеолар жариялады.

Сондай-ақ, бүгін күндіз Джей Лоның қайда қонақүйде орналасқанын білген фанаттар қонақүйге келіп, жұлдызбен фотоға түсүге амал жасаған. Желіде тараған видеодан фанаттар гүл шоқтарымен келгенін, сондай-ақ әншіге Қазақстан шоколадын сыйлағанын байқауға болады.

Қазір «Астана Арена» стадионда соңғы дайындық жұмыстары пысықталды.

Әйгілі әншінің концертін тамашалауға «Астана арена» стадионына елорда жұрты мен қала қонақтары ағылып жатыр.

Ал 10 тамызда Алматының орталық стадионында кезекті концерті өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_media)