Хельсинки әлем бойынша бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген жалғыз шаһар атанды, деп хабарлайды 24kz.
Мұндай жетістікке Финляндия астанасы қатаң жол ережесін сақтау арқылы жетіп отыр. Мәселен, қала ішінде жылдамдықты сағатына 30 шақырымнан асыруға болмайды. 4 жыл бұрын шекті көрсеткіш 50 шақырым болған. Бұдан бөлек, билік қала инфрақұрылымын жаяу жүргінішілер мен велосипедшілерге қолайлы етіп жоспарлаған. Бейнебақылау камералары мен жылдамдықты өлшейтін құрылғыларды көптеп орнатқан. Соның арқасында кейінгі жарты ғасырда Хельсинкидегі жол-көлік оқиғасы орташа есеппен мыңнан 277-ге азайған.