Елімізде ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі сәтті жүріп жатыр.
Алғашқы күннің өзінде санаққа 5 мыңға жуық респодент қатысты. «Sanaq.gov.kz» сайтында сауалнаманың екі нұсқасы жарияланған. Біріншісі кәсіпорындар мен фермерлік және шаруа қожалықтары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін қарастырылған. Ал екіншісі жер телімі бар немесе мал асырайтын үй шаруашылықтарына арналған. Қашықтан дауыс беру кезеңі 31 тамызға дейін жалғасады. Ал 20 қыркүйекте санақтың екінші кезеңі бастау алады. Бұл кезде мамандар үй-үйді аралауды жоспарлап отыр. Мұндай шаралар аграрлық саланың жайын айқындап, ауыл шаруашылығы туралы толық деректер қорын қалыптастыруды көздейді.