Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риумен кездесті. Кездесу барысында қос тараптың мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастығы мен қазіргі жағдайы, даму перспективалары айтылды.
Министр Италияда Қазақстан киносы мен сән күндерін өткізуді ұсынды. Мұндай шара италиялық көрерменнің Қазақстан мәдениеті мен заманауи өнеріне қызығушылығын арттыратынын тілге тиек етті. Кинематографтар мен дизайнерлер арасындағы байланысты да нығайтатынына сенім білдірді. Сондай-ақ тараптар кино, креативті индустрия, жастар саясаты, волонтёрлік қозғалыс және бұқаралық ақпарат құралдары салаларындағы ынтымақтасты, одан әрі дамыту туралы өзара келісімге келді.